Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды

none

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды.

"Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз қымбаттатқан адамдарды ұстап жатыр. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырамын", - делінген Тоқаевтың твитінде.

Ал бір күн бұрын Мемлекет басшысы азаматтардың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымы орынды екенін мәлімдеп, пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырған еді.

Айдары: Дүрбі 07.07.2020 32

Қатысты мазмұн