Төтенше жағдайлар министрі қазақстандықтарға үндеу жасады

none

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі су тасқынына байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады.

Министр су тасқыны бойынша ахуалды жеке бақылап отырғанын айтты.

"Кеше республика бойынша су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты министрліктің барлық бөлімшесі күшейтілді. Өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп, су басуға қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қосымша күштер мен құралдар ең күрделі аймақтарға бағытталды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында жедел желі телефоны жұмыс істейді. Қазіргі уақытта су тасқыны салдарын жою бойынша жедел ден қоюдың барлық қажетті шаралары қабылданып жатыр" - деді Шыңғыс Әрінов.

Дереккөз: Zakon.kz

Айдары: Найзағай 27.03.2024 25

Қатысты мазмұн