Тараз қаласының әкімі қызметінен кетті

none

Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетті. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті.

"Құрметті тараздықтар, қадірлі жерлестер! Міндеттің басталатыны сияқты, аяқталатын да кезеңі болады. Ол - заңдылық. Сондықтан мен өзімнің Жамбыл жеріндегі қызметімді тоқтатып, тағы бір өмір белесінен өттім", - деп жазды Ержан Жылқыбаев.

Ол 1 жылдан аса облыс әкімінің орынбасары ретінде 9 басқармаға жетекшілік еткенін, ал былтыр наурыздан бастап Тараз қаласының әкімі болып тағайындалғанын айтты.

"400 мыңнан аса тұрғыны бар облыс орталығына басшы болу - халықтың әл-ауқатын жақсарту, сан-салаға серпін беру, қаланы көркейту, халық сенімінен шығу сияқты міндеттерді жүктеді. (...) Баршаңызға алғыс білдіремін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, жақсы күндерде көрісейік, ағайын", - делінген жазбада.

Бұл қызметке Ержан Жылқыбаев 2021 жылғы наурызда ағайындалған еді.

Дереккөз: Tengrinews

Айдары: Найзағай 05.08.2022 80

Қатысты мазмұн