Тайжан. Чиполлиноның партиясы. «Пиязбек - пайда араз»

none

Биыл 16 наурызда белгілі белсенді Мұхтар Тайжан сайлау науқанында ауыл адамдары мен олардың құқын қорғайтын және «Ауыл» партиясымен бәсекелесе алатын саяси ұйым құратынын мәлімдеген еді. Сөз жоқ, жалыны шарпып тұрған отты ұран! Бірақ, қарапайым шаруаның күйін күйттеген кейіп танытып жүрген Мұхтар Тайжанның шын мәнінде тек жалаң ұран иесі екенін екінің бірі біле бермейді... Бәрін рет-ретімен баяндайық...

Бүгінде оппозициялық және ұлттық-патриоттық ұрандарымен көзге түсіп жүрген Мұхтар Тайжан өткен шақта мемлекеттік құрылымдарда үлкен лауазымдарда қызмет атқарған нағыз шенеунік болған адам.

Қазақ КСР СІМ бұрынғы Бас хатшысы – Болатхан Тайжанның ұлы – 1973 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында туған.

Білім алу тәртібінде де бір мін жоқ. Варшава университетінің Халықаралық экономикалық және саяси қатынастар институтын бітірді, Халықаралық экономикалық қатынастар бойынша магистр дәрежесі бар. Тіпті, экономика ғылымдарының кандидаттығын да нәтижелі «қорғап» үлгерген. Ары қарай тарқатайық...

1997 жылдан 2001 жылға дейін Мұхтар Тайжан ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігі мен Президент Әкімшілігінде қызмет атқарады. Қызметтік міндеті бойынша Қазақстанмен ынтымақтастық орнатқан мемлекеттер нарығы мен экономикалық ахуалына талдау жасаған. 2001-2002 жылдары «Қазақстан темір жолы» РМК-да, 2002-2003 жылдары «Ордабасы корпорациясы» АҚ-дағы «жұмсақ креслоларда» отырады.

2003 жылдан бастап Мұхтар Тайжан кәсіпкерлікке бет бұрады: пенаблок шығаратын өнідірісті қолға алып, Алматыда өз құрылыс дүкенін ашады. Бір сөзбен айтқанда саясаттан саяқ жүрген қатардағы кәсіпкер болған. 2014 жылы белсенділік «белдеуінен» ара-тұра жылт етіп көрінгенмен, негізінен жеке бизнесте жеміс-жидек сатып, жылжымайтын мүлік жалға берумен айналысатын фирмасының жұмысын жүргізе берді.

2016 жылы бүкіл елді қамтыған наразылық акциялары Мұхтар Тайжанның «екінші тынысын» ашқандай болды. Дәлірек айтқанда, оны «қосалқы құрамда» бұйрық күтіп тұрған жерінен алып шығып, жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшесі қылды. Содан бастап оның қоғамдық-саяси мансабы қайта жанданды.

Бірақ, дәл осы жерде бір кілтипан шықты және оның жуан ортасында Мұхтар Тайжанның есімі жиі аталды. Нақты айтқанда, өзін патриот деп жариялап, қарапайым азаматтардың мүддесін қорғаушы кейіптегі біздің кейіпкерге алаяқтық жасады деген айып тағылды. Яғни, Мұхтар Тайжан өзіне қалтқысыз сенім білдірген шаруалардан, ешқандай қолхат берместен, сатып берем деген желеумен 500 тонна пияз алады. Халықтың бұлай сенім білдіруі де тегін емес. Мұхтар – халықтың құрметіне ие танымал тұлға Болатхан Тайжанның ұлы. Алайда, халық сенімі ақталмады. Пияздың нарықтағы бағасы күрт арзандап кетті. Ал тек пайда ойлаған кәсіпкер кейіпкеріміз сараңдық танытып, тауарды уақытылы өткізе алмады. Салдарынан орасан шығынға батты. Қоймаларында көкөніс шіри бастаған соң, айналасына тегін таратуға мәжбүр болды. Өзінің емес, өзгенің сеніп берген затын тегін талан-таражға салды. Содан кейін біздің кейіпкер «Пиязбек», «Пияз бароны» деген лақап атқа ие болды.

2016 жылдың мамыр айында бір топ саудагер Тайжан қоймадағы пиязды нарыққа шығару үшін өздеріне беруді сұрайды. Бәрібір шіріп жатқан тауар. Екі тарап өзара 60 тонна пиязға уағдаласады. Бірақ, сұрыптау кезінде тек 34 тонна пияз ғана іске жарамды болып шығады. Пиязды енді жөнелтуге айналғанда, Мұхтар Тайжан келісім-шартта жоқ талап қойып, ақшаны алдын-ала төлеуді бұйырады. Қайта басталған дау қоғам белсендісі Батырғали Әмреевтің араласуымен бәсеңдеп, екі тарап ақшаны күзгі жиын- терімнен қайтаратын болып келіседі. Нақты айтқанда, кәсіпкерлер өздері сұрыптап шығарған 34 тоннаны, күзде 125 тонна қылып қайтаратын болады. Ал егіс алқабында белін бүгіп, бір сәтте еңбек етпеген Мұхтаржан, ауадан ақша жасағысы келді. Осы қылығы үшін онымен істес болғандар оған қайтадан алаяқтықты кәсіп қылған пайдакүнем деп айып таға бастады.

Дегенмен, саудагерлер «Пияз баронымен» арадағы кикілжіңді сот арқылы шешуге кіріседі. Ал Мұхтар Тайжан арызгерлерге қысым көрсетіп, олардың бірқатарын шағымдарын кері алуға мәжбүрлейді. Нәтижесінде, ондаған арыз берушілердің ішінен төртеу ғана қалады. Онымен бір келісімге келуді көздеген қоғам белсендісі Қыстаубаев та іске кіріседі. Алайда, олардың байланысының арты ғаламторды шулатқан дау-жанжалға ұласады. М. Тайжанның қай кезде де айтатыны біреу ғана: «Дәлелдеңдер»!

2016 жылдың қараша айында «Пияз бароны» Әміреевтен 5 000 000 теңге көлеміндегі қарызын қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді. Әміреев шынымен қарыз алғанын, бірақ, оның бір тиынына дейін қайтарғанын және оны тиісті құжатпен дәлелдей алатынын айтады. Ал Мұхтар Тайжанның жоқ жерден пайда табам деген бақай есебі орындалмай қалады. Өтірік жала жапқаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін түсінген біздің кейіпкер сот залында Әміреевтің сарымсақтың қарызында қайтармады деп кіналайды. Батырғали оған өздері о баста келіскендей 125 тонна пиязды алып кетуді ұсынады. Бірақ Тайжан оны тауар түрінде емес, ақшалай алғыс келетінін айтады. Барлығы енді қлыпқа келе бастағанда тағы бір кілтипан шығады. «Пиязбай» жалдаған сараптама бір килограмм пияздың бағасын 62 теңге деп белгілейді. Ал ол уақытта, супермаркеттерде пияздың бір келісі 45 теңгеден сатылатын. Өзінің арызқойлығымен айналасының барлығының зығырына тиген Мұхтар Тайжанның талабын сот қанағаттандырмайды. «Пияз дауын» туындақан келісімді жарамсыз деп таниды. Осылайша, тонналаған пияздар тұрып шіріген лас қоймалар сияқты, Мұхтар Тайжанның «лас қимылдарына» нүкте қойлады.

Азамат деген атына абырой әкелмейтін осыған ұқсас тағы бір оқиға бар. Мұхтар Тайжан мұрагерлікке қатысты таласта өзінің шешесі мен әпкесін де сотқа сүйреген. Бұл туралы айтқан Марғұлан Сейсембаевпен де соттасады. Алайда, сотта жеңіліп қалады. Енді міне, биыл 16 наурызда біздің Мұхаң «Жер қорғаны» жаңа саяси партиясын құратыны жариялады. Бағдарламаның бірінші тармағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін жеке меншікке сатуға тыйым салу деп басталады. Басқа тармақтар да Мұхтар Тайжан көтерген жер мәселелеріне қатысты мазмұнда өрбиді.

Бірақ мұның барлығын ол қалай іске асырады? Бағдарламада оның оп-оңай жолы көрсетілген. Бірінші қадам: «Қазақстандағы барлық ауыл тұрғындарын біріктіру («Барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер» деген ұран есіңізде ме?) және өзара ынтымақтастықты нығайту». Осы утопиялық идеяның өзімен қатар аяқтай салуға болар еді, Бағдарламаның екінші қадамы одан да қызық: «Біз ауыл белсенділерімен байланыс орнатып, ортақ мақсаттарға өзара келісіп қол жеткіземіз». Тамаша шешім! Алайда, Мұхтар Тайжан олардың барлығы кезінде өзі бел ортасында жүрген «пияз алаяқтығы» ісінің куәгері болған болған белсенділер мен «Пияз баронына» тауарларын қолхатсыз тапсырып, сан соғып қалған ауыл тұрғындары екенін ескермеген сияқты.. Қысқаша айтқанда, Мұхаң тағы бір «Ауыл» партиясын құрмай тұрып, алдымен «сарымсақ ісін» аяғына дейін жеткізе білгені жөн болар еді...

«S»

Айдары: Түтін 30.03.2022 178

Қатысты мазмұн