Тәртіпсіздік кезінде қамауға алынғандарды іздеуге арналған нөмірлер жарияланды

none

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде тұтқындалғандарды іздеуге арналған телефон нөмірлерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Комитет пен барлық өңірлік департаменттерде Call-орталықтар ұйымдастырылды, онда сіз тергеу изоляторларындағы адамдар мен басқа да мәселелер бойынша ақпарат алу үшін жүгіне аласыз. Адвокаттар да осы call-орталықтарға хабарласа алады. Азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатқанына сендіргім келеді", - деп мәлімдеді ҚАЖК төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев ОКҚ баспасөз конференциясында.

text

"Тергеу изоляторларының ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес, барлық адам уақытша ұстау изоляторларына түскенде міндетті медициналық тексеруден өтеді және COVID-19-ға ПТР-тест нәтижесі теріс болған жағдайда қабылданады. Дене жарақаттары немесе қандай да бір аурулар анықталса, оларға дереу медициналық көмек көрсетіледі. Әрбір осындай дерек прокуратура органдарына хабарланады", - дейді Аюбаев.

Мекемеде білікті медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда, олар азаматтық денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізілетіні және мамандандырылған күзетілетін палаталарда емделетіні хабарланды.

"Бүгінгі таңда 31 адам осындай жағдайда бар, оның 29-ы Алматы қаласының ауруханаларында, бір-бірден Атырау облыстық және Қызылорда қалалық ауруханаларында. Олар дене жарақаттарын тергеу изоляторларына келгенге дейін алған", - деді ҚАЖК төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев. Ол аталған адамдардың барлығы сот санкциялары негізінде ұсталатынын, сондықтан "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасымен келіспеген жағдайда тұрғындар прокуратура органдарына жүгіне алатынын атап өтті.

Айдары: Найзағай 22.01.2022 72

Қатысты мазмұн