Сүйіктісінің интим суретін жариялаған еркек жауапқа тартылады

none

Талдықорғанның 34 жастағы тұрғыны бұрынғы сүйіктісінің интим суреттерін әлеуметтік желіге таратып жіберген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

23 жастағы жәбірленуші 19 шілдеде полицияға арызданған.

"Жәбірленуші сүйіктісімен 2020 жылдың шілдесінде айырылысып кеткен. Ер адам оны бір жылдай аңдып жүрген. Артынша оның интим суреттерін әлеуметтік желіге таратып жіберетінін айтып қоқан-лоқы көрсеткен", - дейді қалалық ПБ басшысы Асқар Нұрсапа.

Ер адам бірнеше рет бұрынғы сүйіктісінің парақшасын бұғаттамақ болған, тіпті әлеуметтік желіде оның атынан парақшалар ашып, суреттері мен видеоларын жүктеп отырған.

"Материалмен танысқаннан кейін ер адам полицияға жеткізілді. Ол куәлік етіп, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Алайда оған қарамастан бұл дерек бойынша қылмыстық дерек жалғасады, себебі ол жауапкершіліктен босатылмайды", - деді Асқар Нұрсапа.

Полиция өкілдері соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 147-бабы, 4-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқанын айтты. Күдікті бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: tengrinews.kz

Айдары: Найзағай 22.07.2021 44

Қатысты мазмұн