Шымкентте өзін өртеген қыз ауруханада көз жұмды

none

Шымкентте өзін өртеп жіберген қыз ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Оtyrar.kz. Оқыс оқиға 3 желтоқсан Тассай ауданында болған. 31 жастағы келіншек Юсуф Сайреми көшесіне шығып, үстіне жанатын зат құйып өртеп жіберген.

Қатты күйік алған ол жедел жәрдемді өзі шақырған. Жәбірленушінің басы, мойны күйіп, жалпы денесінің 85 пайызын күйік шалған.

Дәрігерлер оны аман алып қалудың барлық амалын жасағанымен, оның ағзасы күйікке төтеп бере алмаған. Шымкент полицейлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Алдын ала болжам бойынша өзін өртеп жіберудің себебі - сүйіктісімен сөзге келіспей қалған болуы мүмкін.

Айдары: Найзағай 09.12.2019 45

Қатысты мазмұн