Шуда коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі қытай пойыздан түсірілді

none

Шу темір жол станциясында коронавирус жұқтырды деген күдікпен Қытайдың екі азаматын пойыздан түсіріліп, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін, екі жолаушының дені сау екені анықталған, - деп хабарлады Шу қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Желіде Шу қаласының вокзалында коронавирус жұқтырды деген күдікпен пойыздың тоқтатылғаны туралы мәліметтер тараған. WhatsApp мессенджері арқылы куәгерлер оқиға орнында түсірілген суреттерді таратқан, онда дәрігерлер арнайы костюмдер киіп, пойызға қарай жүгірген.

Шу қалалық орталық аудандық ауруханасының бас дәрігерінің мәліметінше, 29 қаңтарда Сарыағаш - Нұр-Сұлтан бағытында жүретін № 86 пойыздан түсірілген Қытай азаматтарынан ешқандай вирус белгілері байқалмады. Арнай жасақ пойыз жолаушыларын қарап шыққан, ешкімнен коронавирус анықталмаған.

"Түшкірді деп күдік келтірген Қытай азаматтары аудандық жұқпалы аурухана бөліміне жеткізілді. Азаматтарды тексеру нәтижесінде вирус белгілерінің жоқ екендігі анықталып отыр. Облыстық деңгейдегі эпидемиологтардың нәтижесі белгілі болғанша жағдай бақылауда болады. Ауданымызда қауіпті індеттің алдын алу үшін арнайы жабдықталған жедел жәрдем жұмыс жасайтындығын ескертеміз. Аудан тұрғындарының дүрлікпеуін сұраймыз", - деп хабарлайды Шу қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айдары: Найзағай 29.01.2020 60

Қатысты мазмұн