Щучинскте базар өртенді

none

Бүгін, 18 мамырда сағат 04-50-де Ақмола облысы, Бурабай ауданының Щучинск қаласында "Жомарт" базарының бір қабатты жеке тұрған ғимараты өртеніп кетті. Өртті сөндіруге 97 өртсөндіруші жұмылды.

Жалпы ауданы 3000 шаршы метр ғимараттың 1700 шаршы метрі өртеніп кетті. Ақпарат бойынша, 45 минут ішінде өртсөндірушілер өртті оқшаулап, жалынның таралуына жол бермеген. Осылайша, екі сағат ішінде өртті толығымен сөндірген.

"Өрт сөндіру барысында ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол базардың күзетшісі болуы мүмкін. Қазіргі таңда анықтау жұмыстары жүргізілуде. Өрт орнында өрт-техникалық зертханасы, полицейлер жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталады. Өртті сөндіруге ТЖД 97 қызметкері мен 25 техника, жергілікті атқарушы органдардың үш қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Өрт болған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалу керек.

Tengrinews.kz

Айдары: Найзағай 18.05.2022 80

Қатысты мазмұн