Шалқарда 9 сынып оқушысы үйқамаққа алынды

none

Шалқардағы оқиғаға байланысты 9 сынып оқушысы үйқамаққа алынды деп хабарлады 29 қаңтарда Ақтөбе облыстық полиция департаменті. 27 қаңтарда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында жоғары сынып оқушылары төбелесіп, 9 сынып оқушысы Еркебұлан Дәрібаев жарақаттанып, ауыр хәлде ауруханаға түскен.

Полиция "Адам өлтіруге оқталу" (99-бап) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Сейсенбі күні төбелестен кейін алты оқушының тергеуге алынғаны хабарланған еді.

Сейсенбі күні іш құрылысы қатты зақымданған 2004 жылғы Еркебұлан Дәрібаевқа Ақтөбе қаласының дәрігерлері санавиациямен барып, операция жасаған. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, пышақ жарақатын алған жасөспірім 29 қаңтарда санавиациямен облыс орталығына жеткізіледі.

"Пациенттің жағдайы тұрақты ауыр, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты" деді басқарма өкілдері.

Айдары: Найзағай 29.01.2020 56

Қатысты мазмұн