Саунада демалған прокурор қызметтен қуылды

none

ТЖ режимі кезенді әріптестері және судьялармен саунада демалған Алматы облысында Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев жұмыстан шығарылды.

Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер растады.

"Ол жұмыстан шығарылды", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Бұған дейін Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов роликке түсіп қалған Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д. Сейітовтің уәкілеттігін тоқтатқан болатын.

Еске салайық, саунада түсірілген видео желіде мамыр айының басында тарады. Оның авторы саунаның ішін түсіріп, Алматы облысы аудандық сотының судясы және аудандық прокурор демалып жатқанын айтады.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер түсірілген видеоға қатысты түсінік беріп, "оны Б. есімді ер адам түсіргені белгілі және оның сот жүйесіне еш қатысы жоқ" деп мәлімдеген болатын.

Айдары: Найзағай 20.05.2020 43

Қатысты мазмұн