Сайлау қарсаңындағы "жарыс"

none

2022 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өткізілетіні белгілі болды. Әдетте тыныш жүріп, көзге түсе қоймайтын оппозициялық топтар кенеттен белсенді бола бастады. Қазақстандық сарапшылар мәліметінше әзірше олардың қызметін жандандырудың деңгейі төмен. Инга Иманбай да жақында бұл сайысқа өзінің қатысатынын жариялады.

Инга Иманбай кім десеңіз, ол – "ДПК" партиясы оппозиция жетекшісі Жанболат Мамайдың жұбайы және оның оң қолы болған. Партиялық идеологияны толығымен бақылаған Инга, президенттікке үміткер болу критерийлерін білмейтінін айтады.

"Мен Тоқаевқа қарсы тұруға дайынмын ... иә, Мемлекеттік қызмет өтілім жоқ екенін мойындаймын", - деп жазады И.Иманбай өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында.

Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазақстандықтардың көпшілігінде оппозицияға деген сенімсіздік қалыптасты. Атап айтқанда, соңғы сайлаудан кейін халықтың Әміржан Қосановтан көңілі қалды. Ж. Мамайдың оң қолына да сенім болатынына күмән бар.

Бұл оппозицияның қазіргі уақытта қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты бағдарламаны ұсына алмайтындығымен және өзінің ішінде бірлік байқалмайтындығымен де расталады.

Одан бөлек, жаңа «кандидат» халыққа жалған ақпарат таратумен айналысқан адам ретінде танымал. Атап айтқанда, Қазақстанда несиелерге рақымшылық жасау туралы ақпаратты тарату.

Жалпы, Инга идеологиясы мен принциптері күмән тудырады. Желіде ол жоғары лауазымды қызмет атқарған редакцияда қызметкерлер бірнеше ай бойы жалақы алмағаны туралы ақпарат тарауда.

Инганың қызметінің барлығы соңында провокацияға әкелуде. Оның кез-келген сөздері бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік медиада жиі қайталанып отырады. Ж. Мамай ұсталғаннан кейін билік оппозициялық ақпарат алаңын толтыра бастаған Инганың қолына өтті. Бұл оқиғалар Инганың өз күйеуінің орнын алуға деген ниетімен байланысты ма? Әлде жаңалықтар арналарын өз атымен толтыру үшін әдейі жалған болды ма?

Айдары: Түтін 29.09.2022 55

Қатысты мазмұн