Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды

none

Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәілметінше, вакцина бастапқыда дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында тұратындар мен созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдарға салынады.

Коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация Ресейде 18 қаңтарда басталды. Елде екі вакцина ресми түрде тіркелді - "Спутник V" және "Вектор".

Тағы бір вакцина Чумаков атындағы иммунбиологиялық препараттарды зерттеу және дамыту Федералды ғылыми орталығында әзірленіп жатыр екен. Бұл бүкіл вириондық вакцина деп аталады, оның негізінде жұқпалы қасиеттері жоқ, бірақ сонымен бірге иммундық реакцияны тудыруы мүмкін SARS-CoV-2 коронавирусы қолданылады. Бұл вакцинаны тіркеу 2021 жылдың ақпан айында болады деп болжанады.

Айдары: Найзағай 18.01.2021 19

Қатысты мазмұн