Ресей қазақстандықтарға елге кіруге рұқсат етті

none

Ресей үкіметі Қазақстан азаматтары және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар азаматтарға Ресейге кіруге рұқсат етті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей министрлер кабинетінің баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, елдер арасында рейс аптасына бір рет болады. Қазақстанмен (Нұр-Сұлтан), Қырғызстанмен (Бішкек) және Беларусьпен (Минск) әуе қатынасы 21 қыркүйекте, ал Оңтүстік Кореямен (Сеул) 27 қыркүйекте ашылады.

"Тағы төрт елдің - Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Корея азаматтары үшін коронавирус таралуына байланысты Ресейге кіруге қойылған шектеулер алып тасталды. Бұл туралы үкіметтің қаулысы шықты", - делінген хабарламада.

Айдары: Найзағай 21.09.2020 19

Қатысты мазмұн