Референдумға қарсылықтың деңгейі төмен

none

Қазақстан республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша өтетін референдум қарсаңында шетелде қашып жүрген Мұхтар Әбілязов жұртты қарсылық жасауға шақырды. Ол үшін бұл шара оппозициялық күштерді біріктіре алатын ерекше оқиға екен. Дегенмен, ол маңызды екі мәселені ескермей отыр. Сондықтан оның ойы жүзеге аса қоймайды.

Біріншіден, Мұхтар Әбілязов оппозициялық күштерді біріктіруші тұлға емес. Керісінше ол және оның құрған саяси ұйымы оппозицияны біріктіруші емес, қайта ыдыратушы күш ретінде танылды. 2000-шылдардың ортасында тарыдай шашылған оппозициялық ұйымдарды біріктіруге Жармахан Тұяқбай және Болат Әбілев секілді саясаткерлер күш салған. Бұл оқиға «Оппозициялық күштердің форумы» деген атаумен белгілі. Сол кезде Әбілязовтің «Алға» тіркелмеген ұйымы мен Серікболсын Әбділдиннің коммунистері «Азат» ЖСДП-мен бір үстелдің басында отырып мәселе талқылаудан үзілді-кесілді бас тартқан. «Алға» партиясының тасасында тұрған Әбілязов өз бетімен кетпеді, қаржыдан қатты қиналған әбділдиншілерді азғырып, оларды оппозициялық күштерде бөліп әкетті.

Қазір де әбілязовшілер басқа оппозициялық ұймыдармен дүрдараз. Ол Жанболат Мамай және басқа да белдсенділерді «биліктің оппозицияға жіберілген жансызы» санайды. Бұл да оппозицияның «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруына» мүмкіндік бермей алауыздық туғызып тұр.

Алдағы референдумға қарсылық сипатында оппозицияны біріктірудің тағы бір проблемасы бар. Ол Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты қоғамның позициясына байланысты. Референдумда бірінші президент Н.Назарбаевтың Конституциядағы мәртебесіне жойылады. Бұл өзгерісті, Назарбаевты ерекше мәртебеден айыруды қоғамның басым бөлігі, соның ішінде оппозициялық белсенділер де қолдайды. Сондықтан, Әбілязов айтқандай референдумға деген қарсылықтың деңгейі тым төмен. Референдумға бойкот жариялау жөндем идея емес. Осы бойынша тарыдай шашылған оппозициялық күштерді біріктіре салу мүмкін емес.

Берік Мыңжасар

Айдары: Текемет 29.05.2022 80

Қатысты мазмұн