Прокурор Сириядан оралғандарды 10-17 жылға соттауды сұрады

none

Нұр-Сұлтандағы сот отырысында прокурор "Сирияда ДАИШ экстремистік ұйымының қатарында болды" деп айыпталған 14 қазақстандықты 10 жылдан 17 жылға соттауды сұрады.

Айыпталушылар – 25 пен 50 жас аралығындағы ерлер. Олардың бірі сотқа ауруханадан видеобайланыс арқылы қатысты. Ол Сирияда жараланған, қазір емделіп жатыр.

Сириядан оралғандарға «терроризмді насихаттады», «Сирияға адамдарды тартты», «террорлық топқа қосылды» деген айыптар тағылған. Олардың көбі кейбір айыпты мойындамайды. Басым бөлігі тек «террорлық ұйымға қосылды» деген айыпты мойындап отыр.

Биыл Қазақстан Сириядан арнайы операциямен жүздеген азаматын алып келген. Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мәліметінше, Сирия мен Ирактан Қазақстанның 824 азаматы (277 ересек, 547 бала) елге жеткізілгенін айтқан. ҰҚК дерегінше, олардың 44-і сотталған. Жауапқа тартылғандардың 10-ы – әйел.

ҰҚК мәліметі бойынша, Сирия мен Иракта шамамен әлі жүзге жуық қазақстандық бар.

Айдары: Найзағай 29.11.2019 5

Қатысты мазмұн