Президент Тоқаев наурызда қазақстандықтарға үндеу жасайды

none

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының ортасында Қазақстан халқына үндеу жасайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні өткен Мәжіліс отырысында азаматтық қоғаммен және сарапшылармен арадағы диалог негізінде саяси реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді деп мәлімдеген болатын.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялауды жоспарлап отыр. Бұл Үндеуде реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындалады», - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Айдары: Төбе 07.02.2022 49

Қатысты мазмұн