Президент Тоқаев Мемлекеттік хатшының өкілеттігіне өзгеріс енгізді

none

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мемлекеттік хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді.

Мемлекет басшысының 25 қаңтардағы №787 Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерді де жүзеге асырады:

• ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;

• саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;

• Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;

• "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы:

• ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;

• Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламентпен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста және халықаралық қатынастарда оның атынан өкілдік етеді;

• Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.

• қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді;

• Президенттің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дереккөз: Tengrinews

Айдары: Төбе 31.01.2022 35

Қатысты мазмұн