Президент әскери міндеттілерді жиынға шақыру туралы жарлық шығарды

none

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 сәуірде “әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру” туралы жарлық шығарды.

Жарлықта “Қазақстан қарулы күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнайы жиындарға шақырылсын” деп жазылған.

Арнайы жиынға шақырылатын әскерилердің саны көрсетілмеген. Жарлыққа сай, олардың санын жергілікті билік анықтауы тиіс. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс әкімдіктері жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілердің санын және арнайы жиынға шақыруды жүргізуді ұйымдастырады.

Әскери міндеттілер – әскери есептегі азаматтар, әскери запаста тұрғандар. "Қазақстанның қорғанысы және қарулы күштері туралы" заңына сай, арнайы әскери жиын төтенше жағдай кезде болады.

24 наурызда Қазақстан билігі коронавирус тарауына байланысты биылғы көктемгі әскери шақыру болмайтынын мәлімдеген.

Қазақстанда 16 наурызда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жариялаған. Қазір елде 423 адам коронавирус табылды. 27 адам дертінен айықты. Үш адам қайтыс болды.

Айдары: Найзағай 03.04.2020 74

Қатысты мазмұн