Полиция Тайшыбековті тағы да қамап тастады

none

23 қыркүйекте Алматыда 42 жастағы блогер Ермек Тайшыбеков ұсталды. Тайшыбеков - Қазақстанның Ресей құрамына кіруі қажеттігін және орыстілді халықтың дискриминацияға ұшырайтыны туралы пікір айтып жүріп танылған.

Алматы қалалық полиция департаменті Ермек Тайшыбековтің ұсталғанын растады. Тайшыбеков Қылмыстық кодекстің 174-бап ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") белгілеріне келетін қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалған.

Ресейшіл көзқарастарымен белгілі болған блогер Ермек Тайшыбеков 2015 жылы желтоқсан айында "ұлттық араздықты қоздырды" деп айыпталып, төрт жылға бас бостандығынан айырылған. Ол кезде Тайшыбековтің үстінен өздерін ұлт-патриоттары деп атайтын белсенділердің өтініші негізінде қылмыстық іс қозғалған.

Тайшыбеков 2017 жылы қазан айында түрмеден мерзімінен бұрын босап шықты. Ол жүйке ауыруын емдейтін емханада да біршама уақыт болды. Оған қандай диагноз қойылғаны белгісіз. Дегенмен, ол Қазақстанның Ресейге қосылуы жөніндегі пікірінен қайтқан жоқ.

Айдары: Найзағай 24.09.2020 18

Қатысты мазмұн