
Социал-демократтар төбелесті
Парламентке үш саяси партия: "Нұр Отан", "Ақ жол" және "Қазақстанның халық партиясы" (бұрынғы Қазақстанның коммунистік халық партиясы) өтті. 11 қаңтарда орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады.
Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша:
"Нұр Отан" - 71,09 пайыз;
"Ақ жол" - 10,95 пайыз;
Қазақстанның халық партиясы - 9,1 пайыз;
"Ауыл" - 5,29 пайыз;
ADAL - 3,57 пайыз дауыс алған.
Қазақстанда заң бойынша, парламентке жеті пайыз дауыс алған партиялар өтеді. ОСК сайлаудың түпкілікті нәтижесі хаттамалардың түпнұсқасы келгеннен кейін жарияланады деп мәлімдеді.