«Оны жазған адам дәлелдесін»: Сапарбаев өзіне жала жапқандар туралы

none

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев соңғы уақытта өзі туралы әлеуметтік желілерде тарап жатқан шындыққа жанаспайтын ақпараттарға қатысты пікір білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін қоғамдық белсенді Жанболат Мамай Сапарбаевтың Ақтөбе облысының әкімі болып тұрған кезде жиһаз және т.б. алуға ақша жұмсады деген ақпарат таратқан болатын.

«Біріншіден ол менің есімде жоқ. Екіншіден, ондай ақымақ емеспіз ғой. Оны жазған адам дәлелдесін, кім алды, кім тапсырыс берді, ақша қайдан келіпті? Олай болуы мүмкін емес», - деді шенеунік журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Бұған қоса, әкім өзіне қатысты ақпараттық шабуыл жасағандарды заң тұрғысынан жауапқа тартуға қатысты ойланатынын айтты.

«Қазақта бір сөз бар, «ит үреді, керуен көшеді» деген. Мен әлі ойланармын. Бірақ сондай адамдардың алдында өзімнің абыройымды түсіргім келмейді. Әрине маған да оңай емес. Отыз жыл еңбек етіп келемін. Өзім таза, адал еңбек етіп келе жатырмын деп ойлаймын. Қазақстанның жартысын, Қызылорданың 90 пайызын маған іліп қоя бергенді білмеймін. Егер мен миллиардер болсам әкім болмас едім деп айтқаным бар. Әрине менің жүрегіме батады. Бұған сену-сенбейді әркімнің өз ұяты, ары-намысы білсін», - деді Бердібек Сапарбаев.

Айдары: Түтін 21.07.2021 133

Қатысты мазмұн