Өзбекстан Сириядағы азаматтарын қайтарады

none

Өзбек үкіметіндегі аты-жөнін атамаған ақпарат көзі Өзбекстан Сириядағы "Ислам мемлекеті" содырларының отбасына арналған лагерьден тағы бір топ азаматты қайтаруды жоспарлап отыр деп мәлімдеді. Бұл ақпаратты 29 қарашада Reuters агенттігі хабарлады.

Ақпарат бойынша, өзбек делегациясы Сириядағы күрдтер бақылауындағы екі лагерьге барып, Өзбекстанның жүз азаматымен (негізінен әйелдер мен балалар) сөйлескен.

Reuters-дің ақпарат көзінің хабарлауынша, лагерьдегі өзбектердің жағдайы өте нашар, "ас-су, медициналық көмекке зәру".

БҰҰ мәліметінше, Сириядағы Әл-Хол лагерінде шамамен 65 мың адам тұрып жатыр: 28 мыңы – Сирия, 30 мыңы – Ирак, шамамен 10 мыңы шетел азаматы.

Былтыр Өзбекстан реабилитация бағдарламасы аясында Сириядан шамамен 220 әйел мен баласын қайтарған.

Айдары: Найзағай 30.11.2020 38

Қатысты мазмұн