Өткен тәулікте коронавирустан 8 кісі көз жұмды

none

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 6 наурыздағы мәліметі бойынша, өткен тәулікте елде коронавирус жұқтырған 832 адам тіркелді, 8 кісі көз жұмды.

5 наурызда 742 адам дертінен айығып шықты.

Қазір 18 789 адам короновирус инфекциясынан (13 318 КВИ+ және 5 471 КВИ-) емделіп жатыр, соның ішінде 4 455 пациент – стационарда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

226 адамның жағдайы ауыр;
52 пациенттің жағдайы өте ауыр;
52 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айдары: Найзағай 06.03.2021 72

Қатысты мазмұн