Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды

none

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жергілікті масштабта ТЖ режимі жарияланды.

"Бізде Нұр-Сұлтан бойынша төтенше жағдай жарияланды. Ол әділет басқармасының тіркеуінен өтті, қазіргі уақытта алты өңірде ТЖ комиссияларының отырысы дайындалып жатыр. Бірінші кезекте Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары. Ол жерлерде елді мекендерге қатынау мүмкіндігінің қиындауына байланысты ТЖ жарияланады. ТЖ жариялау себебі - өмір сүру мүмкіндіктерінің қиындауы, адамдарды тұрғылықты жеріне және жұмыс орнына дер кезінде жеткізу, сондай-ақ азық-түлікпен және медициналық қызметпен қамтамасыз ету мәселесі", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығы салдарынан әуе рейстері кестедегі уақытынан кешікті.

"Ауа-райының қолайсыздығына байланысты және қауіпсіздік мақсатында барлық рейстер белгісіз уақытқа шегерілді" деді Нұр-Сұлтан әуежайының баспасөз хатшысы Жеңіс Ахметжанов.

Оның сөзінше, дүйсенбі, 27 қаңтарда желдің жылдамдығы секундына 24 метрге жеткен.

Бұған қоса, қаладағы мектептері мен колледждерде сабақ уақытша тоқтады.

Ауа райының бұзылуына байланысты, 27 қаңтарда елдің тоғыз облысында жол жабылды.

Айдары: Найзағай 27.01.2020 79

Қатысты мазмұн