Нұр-Сұлтанда теракт ұйымдастырмақ болған ер адам ұсталды

none

25 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивдіни ағым ұстанушысын ұстады, - деп хабарлайды ҰҚК.

Комитет мәліметінше, ол "ДАИШ" халықаралық террорист ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт дайындады деген күдікке ілінді. Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алынды.

text

"Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Айдары: Найзағай 26.03.2020 24

Қатысты мазмұн