Нұр-Сұлтанда мәслихат хатшысы қамауға алынды

none

Нұр-Сұлтанда LRT ісі аясында қалалық мәслихаттың хатшысы қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері айтты.

"Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан әкімдігі басқармасының бұрынғы басшылары Р. Аманжолов, Ж. Нурпиисов және мердігерлік ұйымдардың үш басшысы қамауға алынды", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов брифинг барысында.

Сондай-ақ, ведомство өкілі Жанат Нурпиисовтің Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы екенін айтты. Жергілікті мәслихаттың сайтындағы мәліметтерге қарағанда, мәслихат хатшысы Жанат Нурпиисов 1961 жылы 16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Сұлышоқ ауылында дүниеге келген. 1998-2016 жылдары Астана қаласы Қаржы басқармасы басшысы сияқты қызметтерді атқарған..

Айдары: Найзағай 13.12.2019 53

Қатысты мазмұн