Нұр-Сұлтанда алты науқастың жағдайы ауыр

none

Нұр-Сұлтанда алты науқастың жағдайы ауыр деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Қисықова.

"Қазір стационарда 159 адам емделіп жатыр, алтауының жағдайы ауыр, екі науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған" деді ол сейсенбі күнгі брифинг кезінде.

Оның айтуынша, науқастардың басым бөлігі - бұрын стационарға оқшауланып немесе үй карантиніне жіберілген адамдар.

Денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің айтуынша, қалада стационарлық бақылауда жалпы 1693 адам бар.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар саны 325-ке жеткен. Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша республикада бірінші орында тұр. Мұнда 175 адамнан вирус табылған. 31 наурызда Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адамның коронавирустан қайтыс болғанын айтқан. Бұған дейін 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған. Осылайша Қазақстанда коронавирустан барлығы екі адам көз жұмды.

Айдары: Найзағай 31.03.2020 15

Қатысты мазмұн