Нұр-Сұлтанда 24 мыңнан аса адам тұмауға қарсы екпе салдырды

none

Нұр-Сұлтанда 24 мыңнан аса адам тұмауға қарсы екпе салдырды.

Әкімдік мәліметінше, елордада екпе салу қараша айының басына дейін жалғасады.

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов емханаға барып, тұмауға қарсы екпе салдырды. Басқармасы басшысы екпенің маусымдық аурулардың өршуі кезіндегі маңыздылығын да атап өтті.

"Вакцинация - аурудың ауыр сипаты мен оның кең таралуын ескере отырып, тұмаудан қорғаудың ең қисынды әдісі. Сонымен қатар, қазір осы кезең үшін стандартты аурулардың (суық тию, тұмау) қоздырғышы болуы мүмкін коронавирус инфекциясы кезеңінде вакцинация өте маңызды! Баршаңызды вакцина алуға және өз денсаулығыңызға жауапты болуға шақырамын!" - деді Тимур Мұратов қала тұрғындарына.

Еске салайық, елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екпенің 110 мың дозасын сатып алған болатын. Ол ТМККК пакетіне кіреді және халықтың белгілі бір тобы үшін тегін жүргізіледі. Атап айтқанда: созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балаларға, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге (жүктіліктің 2-3-ші триместрі), жабық мекемелердегі адамдарға (балалар үйі, сәбилер үйі, мектеп интернаты), мүгедектерге (ересектер мен созылмалы аурулары бар балалар); 60 жастан асқан қарттарға.

Айдары: Найзағай 16.09.2020 13

Қатысты мазмұн