«Немолчи.кз» қорын күмәнді белсенділер басқарады

none

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балалардың құқығын қорғаймыз деп құрылған «Немолчи.кз» пен «Немолчидети.кз» қоғамдық қорларының басшылары мен белсенділері банктер мен кредиттік ұйымдардан миллиондаған теңге несие алып, қайтармай жүр. Өздері нақты жұмыс істеп, заңды табыс таппайды. Айналысатын күмәнді шаруасы - «бейшара әйелдер мен балаларға көмек беріңдер» деп халықтан жылу жинау. Халықтан жиналған қаржы тікелей қор басшыларының есепшотына түседі. Қаржының негізгі бөлігі белсенділердің банктен алған несиесін өтеуге кететінін, жеке басының қажетіне жаратып жатқанын жоққа шығар алмаймыз.

Мысалы, Таңсәрі деген лақап атпен жүретін «Немолчи.кз» қорының белсендісі Смайлова Динара Ботақызы «Халық жинақ банкінен» 2018 жылы 1 млн 95 мың, «Капитал финанстен» 2019 жылы 2 млн 820 мың, тағы бір кредиттік ұйымнан 2021 жылы 1 млн-ға жуық қарыз алып, қарызын қайтармай созбалаққа салып жүр. Өзі жұмыс істеп табыс таппайтын Динара Таңсәрі қарызын «Немолчи.кз» қорына жиналған қаржының есебінен жаба ма?!

text

text

text

«Немолчи.кз» қорының жетекшісі Айгерим Ахментаеваның тіршілігі осындай. Ол да банктерден миллиондаған теңге несие алыпты. Сот шешімін орындаушылар қысымға алған кезде ол аз-маз ақша тауып қарызын қайтарып жатқан адамның кейпін жасап қояды. «Немолчи.кз» қорының басшысы ол ақашаны қалай тауып жатқаны түсінікті емес пе. Сыбайласқан осы топтың басынада «Немолчидети.кз» ұйымының директоры Алмат Мухамеджанов тұр . Қарап отырсақ, тұрмыста зәбір көрген әйелдерді және көпбалалы аналарды қорғау үшін құрылған қорлардың басшылары мен белсенділері қаржы алаяқтығымен шұғылданып жүрген секілді. Егер Қазақстан құқықтық мемлекет болса, неге осындай күмәнді адамдарды жауапкершілікке тартып, алаяқтығын әшкерлемейді!?

Динара Смайлованың сыңары Жанара Ахметова (лақап аты Жанна Бота) да аңқау адамдардың сеніміне кіріп алып,олардың жүздеген мың долларын алаяқтықпен иемденіп кетіп еді. Жәбірленушілер Жанна Ботаның алаяқтығын дәлелдеуге оншақты жыл өмірін сарп етті. Ал Жанна Бота түрмеге қамалатын қауіп төнгенде Украинаға қашып кетті. Егер «Немолчи.кз» пен «Немолчидети.кз» ұйымы белсенділеріне полиция дәл қазір нақты шара қолданбаса, онда олар да «Маңғыт! Аузыңа саңғыт» деп Жанна Бота секілді жүздеген адамды тақырға отырғызып, шетелге қашып кететіні анық. «Қоғам белсендісі, әйелдер мен балалардың жанашыры» деген кейіпке еніп алған осындай адамдардың күмәнді әрекетіне қашан тыйым салынады?!

Ораз Әлімбеков

Айдары: Түтін 31.03.2021 133

Қатысты мазмұн