Назарбаев Әлиев пен Әбілязовтің қызметке тағайындалуын "үлкен қателік" деп санайды

none

Нұрсұлтан Назарбаев (марқұм) күйеу баласы Рахат Әлиев (марқұм) пен Мұхтар Әбілязовтің лауазымды қызметке тағайындалуын «үлкен қателік» деп бағалады. Бұл туралы Оливер Стоун түсірген «Qazaq: Алтын адамның тарихы» деректі фильмінде айтылды.

Назарбаев Қаржы полициясының басшысы болған уақытта Рахат Әлиевтің бизнеске қысым көрсетіп, ақшаларын тартып алғанын айтады.

«Ол қаржы полициясының басшысы болды. Осыны пайдаланған ол бизнеске қысым көрсетіп, ақшаларын тартып алды. Бір уақыттарда мен оған «Тоқта» деп ескерту айттым. Елестетіп көріңізші, менің күйеу балам. Кішкентай үш немерем бар. Барлығы – үш немеремді алып қызым мен әкелері алдыма келді. Ал мен: «Мен не істей аламын, міне, қылмыскер – ол» деп айттым,- дейді ол.

Тұңғыш президент бұл жағдай өзіне ауыр соққы болғанын айтқан.

«Өте ауыр болды. Егер басқа біреу болса… Ал бұл жерде өзің сенім артқан, арқа сүйеген адамың…», – дейді Назарбаев.

Журналист Оливер Стоун сұхбат барысында Назарбаевтан ұжымында үлкен қызмет атқарған адамдардың бір кезде өзіне қарсы әрекет ете бастағаны жайлы сұрайды.

«Бұл біздің тарихымызда ғана емес, барлық елде солай», – дейді Елбасы. – 1991 жылы Кеңес Одағы ыдыраған уақытта біз жалғыз қалдық, аман қалу үшін әрекет ету қажет еді. Менімен бірге жұмыс істеген әріптестерімнің барлығы бұрынғы коммунист еді. Бірақ арамызда жоғары оқу орнын бітірген, нарықтық экономика мен капитализм жайында білетін жас жігіттер болды. Ескі тәжірибем кедергі болмас үшін, мен 30-32 жас аралығындағы жігіттерді жоғары қызметтерге тағайындай бастадым», – деді Назарбаев.

Назарбаев сөз арасында Мұхтар Әбілязов туралы тоқталып өтеді.

«Бұл қателік үлкен болды. Мен лауазымға қойған соң олар мемлекеттің онсызда аз ақшасын ұрлай бастады. Көбісі жемқорлыққа тап болды. Оны (Әбілязов – ред.) Лондон соты халықаралық алаяқ деп танып, соттаған. Мен оған кешірім жасадым», – деп жалғастырады Елбасы.

«Ең үлкен қателік – ол банкке қайта оралып, сол банкті тонап, бірнеше миллиард доллар ақшаны шетел асырып алып кеткенінде. Мұнымен қоса, ол тапсырыспен өз жолдасының көзін жойды. Мұның барлығын біз америкалық ФБР-мен бірге зерттедік», – деп сөзін түйіндейді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Оливер Стоунның «QAZAQ: Алтын адам тарихы» фильмінің екінші сериясында Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы желтоқсанда болған Жаңаөзен оқиғасы туралы айтты.

"Мереке кезінде алаңда тойлап жатқан адамдарға шабуыл жасау – бұл Әбілязовтің жұмысы. Қазір бәрі түсінікті, біз тексердік. Олар ақша беріп, тіпті мұнайшылардың киімін кигізіп, арақ ішкізген. Тәуелсіздік күні. Сахнада концерт болып жатты, ол жерде адамдар тұрды. Олар сахнаны қиратты. Мұнымен тоқтап қалмай, қару табу үшін полиция кеңсесін талқандауға барды" деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Елбасы оқиға орнына тікұшақпен барғанын және дүкендер мен полиция бөлімшерінің сол сәтте қирап жатқанын айтты.

"Түнде мен тікұшақпен ұштым. Таңертең осы жердің бәрін қарадым. Дүкендер өртенген, пошталар өртенген, полиция бөлімшелері қирап жатыр. Мен тұрғындарды залға жинауды өтіндім" деді ол.

Фильмде Назарбаевтың Жаңаөзендегі жиында сөйлеген сөзінің мұрағаттық кадрлары көрсетілді.

"Неге Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау кезінде, бүкіл әлем ұлтымызды біліп жатқанда Жаңаөзенде осындай жағдайға тап болдық? Сол күні жазықсыз адамдар қаза тапты. Көңіл айту үшін келдім" делінген Назарбаевтың мұрағаттағы бейнежазбасында.

Айдары: Дүрбі 03.12.2021 92

Қатысты мазмұн