Мұхтар Шаханов Президент саясатын қолдайды

none

Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдайды. Оның ойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев - ұлт мүддесін тереңнен ойлайтын шыншыл азамат.

Ақын Мұхтар Шаханов президент Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған алғашқы жолдауында өзекті мәселелер қамтылып, ел дамуының бағыт-бағдары айқын көрсетілгенін айтты. Әсіресе, Жолдаудағы қазақ тілінің қоғамдағы мәртебесін көтеру және дамытуға қатысты айтылған ұсынысы өзекті.

Ақын Мұқтар Шаханов Қазақстан президенті Тоқаевтың бастамасымен билік және халық арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз ету мақсатына құрылған Ұлттық Сенім Кеңесін көп үміт артып отыр. Оның ойынша, Кеңес мүшелері қоғамдағы процестерді шынайы бағалап, бірінші кезекті шешілуі тиіс өзекті проблемаларды күн тәртібіне қоя білуі тиіс. Сонда ғана нәтижелі жұмыс болады.

serke.org

Айдары: Төбе 04.09.2019 144

Қатысты мазмұн