Молдалар қымбат Мercedes мініп жүр

none

Ислам діні ұқыпты, қарапайым болуға үндейді, дінде даңғойлық пен рәсуаға орын жоқ. Тіпті өзіңнің маңдай теріңді ағызып тапқан дүниеңді де босқа малшашпақ қылмау керек. Ал белгілі бір өнім шығарып пайда таппайтын, тек халықтың үстінен күн көріп жүрген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) молдалары халықтың мешітке деп берген садақасын оңды-солды шашып, аста-төк өмір сүріп жатыр.

text

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Өтпенов мініп жүрген қызметтік көп көліктің бірі - W221 S-class маркалы мынау мерседес 10-12 млн теңге тұрады. Көлік Алматы қаласында, ҚМДБ-ның балансына тіркелген. Мемлекеттік нөмірі де қымбат, бірақ «ММ» деген Наурызбай қажы үшін қандай киелі аббревиатура екенін еш түсінбедік.

text

Бас мүфтидің орынбасары, яғни, наиб мүфти Ершат Оңғаров та W221 S-class маркалы мерседес мініп жүр. Оның қызметтік көлігінің нарықтағы құны Бас мүфтидікінен 1-2 млн теңгеге арзан. Бұл қызметтік көлік - Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген, ҚМДБ басшылары мініп жүрген көп көліктің бірі ғана.

text

text

Бас мүфти мен наиб мүфтидің астындағы мерседестер қандай ақшаға алынды?

Мүфтиятты маңайлап жүрген құпия дереккөз екі мерседес мүфтият балансында болған қымбат бір мерседесті сату арқылы алынғанын айтады. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 020 DB 02, W222 S-class маркалы мерседес Наурызбай Өтпеновке дейін бас мүфти болған Серікбай Ораздың қызметтік көлігі еді. Құны 200 мың доллар тұратын су жаңа бұл көлікті Серікбай Оразға ұлты кәріс олигарх сыйға тартқан. Ол көлікке «DB» (Діни Басқарма) деген деген нөмір алып, мүфтият балансына тіркеп қойған.

text

«Орындығына бәсекелес яки оппоненті болып табылатын экс-мүфтидің жамбасы тигеніне жиіркенде ме, әлде басқа себебі бар ма, оны білмейміз, Наурызбай қажы сол қымбат көлікті сатып оның орнына екі мерседес алыпты, бірін – өзі, екіншісін Ершат тақымдады» дейді дереккез.

Зауыттан 2013-2017 жылдар аралығында шыққан W222 S-class маркалы мерседестің қазіргі құны - 30 млн теңге шамасында. «Осы көлікті сату арқылы Наурызбай мен Ершат сатылым айырмасынан «тиын сындырып» алған секілді» дейді дереккез.

Бас мүфтидің қызметтік көлігін айдайтын Бейбіт есімді шопыр да молдалардан қалысар емес. Ол Наурызбай Өтпенов Қарағанды облысында өкіл имам болғалы бері бірге (2012 жылдан бері) жасасып келеді. Наурызбай қажы қызмет бабымен астанаға келгенде Бейбітті өзімен ерте келді.

text

Қайрат Жолдыбай Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне имам болған кезде бір қайырымды кәсіпкер «Тойота Хайс» маркалы 11 адамдық микроавтобус сыйлаған. Мешіт балансында тұрған сол көлікті Наурызбай Өтпенов бас мүфти болған соң Бейбіттің туған інісі Олжас тізгіндеп алды. Олжас «Тойота Хайспен» Карағанда мен Астана арасында такси болып жолаушы тасиды, тапсырыс алып құдалыққа, тойға қызмет істейді, микроавтобустың арқасында күреп пайда тауып жүр. Рас, ара-тұра Наурызбай қажының бала-шағасын серуендеуге немесе той-томалаққа апарып қызмет жасап, бас мүфтидің көңілін аулап қояды, бірақ көлікті көбіне бас пайдасына жаратып жүр. «Олжасқа қарсы мешіт молдарының ешбірі қарсы шыға алмайды. Себебі, ол – бас мүфтидің шопырының туған інісі» дейді дереккөз.

Ораз Әлімбеков

Айдары: Текемет 24.10.2021 1612

Қатысты мазмұн