Митингіде түсірілген суреттер «сөйлемейді»

none

Журналист Гүлжан Ерғалиева қарашаның 14-і күні биліктің рұқсатымен өткен митингіге барып сурет түсіріп, оның бірнешеуін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Суретер сөйлесін» жанрында хабар берген ол назарын «саяси режимнің құрбандарына» қадапты.

Айбақ-сайбақ әріппен жазылған плакат көтеріп митингіге шыққан әйел бірнеше адамды «құрбан» санайды. Тізімнің басында тұрған Дулат Ағаділ тергеу изоляторында өліп қалғаны рас. Сондықтан оның жақтастары бұл қайғылы оқиғаны саяси астары бар деп санайды. Ал тізімдегі басқа адамдар «күмәнді». Дуалат Ағаділдің ұлы Жанболат жастар арасындағы бұзақылықтың, жаппай төбелестің құрбаны болды.

Марқұм журналист Қуандық Шамақайұлы ше? Бұрын ешқандай оппозицияда көрінбеген, үкіметке сын айтпаған, өз бетімен кітап жазып жүрген ол қалайша "саяси режимнің құрбандары" тізіміне кіріп кеткен?! Ақтөбелік белсенді Аманбике Хаирулла өзіне өзі қол салып, асылып өлді. Оны өлімге итермелеген қарбыларының пыш-пыш өсегі себеп болғанын бәрі біледі. Ол қалайша «режимнің» құрбаны болып кеткен?!.

text

Қарап отырсақ, ауыру-сырқаудан қайтыс болған, өліміне отбасылық трагедия себеп болған адамдардың бәрі «саяси режим құбаны» болып кетіпті. Мысалы, екінші суреттегі Рашид Нутушев - "Шаңырақ оқиғасына" байланысты түрмеде отырған Арон Атабектің бауыры. Арон саяси күреске бел шешіп кіріскенде, Рашид оны қолдамады, ол дін жолын таңдады. Рашидтің 90-шы жылдардың басында Рәтбек қажымен жанжалдасқанын білеміз. Одан кейін Рашидтің аты алыс-жұлыста, оппозицияшыл қозғалыста аталған емес. Ол қатардағы шаруа адамы, қарапайым мұсылман болып алыс ауылда бейсаяси өмір кешті. Кейбір мәліметте Рашидтің де коронавирус індетіне шалдығып, қайтыс болғаны айтылады. Оны неге Арон Атабектің қасына қосып қойған?!. Туысы оппозиция болған адамды да оппозиция деп тұжырым жасай салу дұрыс па?

«S»

Айдары: Түтін 14.11.2020 51

Қатысты мазмұн