Митинг жасау халықтың денсаулығына қауіпті

none

Карантин кезеңінде бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

"Карантин кезеңінде бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Бұл - халық үшін қауіпті. Заң талабын сақтау керек. Пандемия кезінде бас дәрігердің талабын орындау міндетті болып саналады. Бұл талапты орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мен шараны ұйымдастырушыларға оны кейінге қалдыру керегін айтқым келеді. Бұл халық үшін қауіпті шара болуы ықтимал. Себебі, ауру жұқтыруы мүмкін. Қазіргі таңда біз мұндай митинг ұйымдастыруға қарсымыз. Заңның талабы орындалуы керек", - дейді ол.

Министр соңғы аптада елімізде ауруды жұқтыру өсімі 25 пайыз болғанын атап өтті.

"Кеше Мемлекет басшысы кезекті рет қазақстандықтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Біз өткен аптада ЖРВИ белгісі бар, симптомсыз науқастардың саны 2,5 есеге артты. Симптомсыз науқастардың өсімі - 5 пайыз. Індет жұқтырғандармен байланыста болғандарды анықтау 35 пайызға артты. Ауру жұқтырғандармен байланыста болу індетті таратудың негізгі себебі болып саналады. Біз неғұрлым жиі сөйлесетін болсақ, індетті жұқтыру қаупі соғұрлым жоғары болады", - деді Елжан Біртанов.

Ал Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қалада коронавирус індеті бойынша тіркелген оқиғалар әлі жалғасып жатыр. Тек өткен тәулік ішінде ғана белгісі байқалған 49 оқиға анықталды, ал бір апта ішінде – 334 оқиға. Осылайша, бізде барлығы 2790 оқиға тіркелді, 10 адам қайтыс болды.

"Қалада эпидемия әлі де жалғасып жатқан кезде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру барып тұрған жауапсыздық. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, көп жиналу, жақын араласу азаматтардың ауруды жаппай жұқтыруына әкеліп соғады. Әлемнің көптеген елдерінде осылай болды.

Өйткені митингілер жұқтыру ошағы болып табылады. Егер, мұндай бұқаралық шаралар ауру жұқтыруға себепші болса, онда митингілерді ұйымдастырушылар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады, тіпті қылмыстық іс қозғалады. Осындай бұқаралық шараларға қатысушылар ауру жұқтыратын болса, онда эпидемиологиялық тексеру аясында шеттетіледі", - дейді бас санитар дәрігер.

Бекшиннің айутынша, хаттамаға сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер карантин режимінде жаппай жиындарға қатысқан азаматтарды тіркеп, видеотүсірілім жүргізеді. Соның нәтижесі бойынша, карантин талабын бұзғандар жазаланады.

Айдары: Дүрбі 05.06.2020 76

Қатысты мазмұн