Митинг тақырыбы тарылып қалды

none

Саяси күрес жүргізіп жатқанын көрсетуге құштар псевдо-оппозициялық күштер төтеннен пайда бола қалатын өтпелі сипаттағы проблеманы митинг тақырыбы айналдыруға әуестеніп барады. Бұл оппозиция саясатының конъюктурашылдыққа бейім екенін көрсетті.

Тіркелмеген демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамай қаржы нарығында туындаған проблеманы ¬– қарызын қайтаруға мүмкіндігі жоқ несие алушылардың мәселесін бірнеше мәрте саясаттың күн тәртібіне алып шыққан. Бұл «несие амнистиясы», яғни «қарызды кешіру» деген атаумен белгілі мәселенің шешімі қиын. Себебі, несие беруші ¬¬– мемлекеттік экономика секторына кірмейтін екінші деңгейдегі коммерциялық банктер. Ал Мамай «қарызды кешіруді» үкіметтен талап етіп жүр. «Несие амнистиясын» жасау үшін, халықтың алған қарызының орынын толтыру үшін үкімет бюджеттен банктерге миллиардтаған қаржы беруі тиіс. Бұған үкімет мүдделі ме? Жоқ. Себебі, «несие амнистиясын» жүзеге асырған жағдайда қоғамда әділетсіздік, алауыздық туындайды. Сонымен қатар, бұдан кейін несие алып, қарызды қайтармай кетуге бейіл адамдардың саны күрт өседі.

Мыңдаған адамды наразылық шеруіне алып шығуды арамандап жүрген қашқын банкир Мұхтар Әбілязов те конъюктурашыл саясатқа бейім. Ол да Ресейдің мемлекеттік тіркеуінде тұрған көліктерді пайдаланып жүрген қазақстандықтардың проблемасынан оппозициялық саясат жасамаққа күш салып жатыр. Бұған дейін бірнеше қалада көлік жүргізушілердің наразылығы өткен. Дегенмен, мәселенің тереңіне үңілсек, мұнда да әділетсіздік бар, бөтен елдің көлігін Қазақстанда тіркемей пйдалану заңға қайшы. Көлік салығы басқа елге төленеді, ал көлік Қазақстан жолдарын пайдаланады, экологиясын ластайды.

Шетелде тіркелген көлікті пайдаланушы қазақстандықтардың проблемасы да өтпелі сипатқа ие. Бұған дейін де Арменияда тіркелген көлікті пайдаланушалардың наразылығы болған. Бұл наразылық көп уақыт өтпей-ақ басылды. Қазақстан үкіметі Ресейде тіркеуде тұрған көлік иелерінің проблемасын талқылап жатыр. Мұның да оңды шешімі болатыны анық. Сондықтан Әбілязовтің осы мәселеден оппозициялық саясат жасап, ауқымды әрі тоқтаусыз наразылық акциясын өткізуге деген талпынысы жүзеге аспайды. Ресейдің мемлекеттік нөмірімен жүрген көлік иелері проблема шешілген заматта наразылық тоқтатайды, жұрт бұрынғы күйбең тірлігіне көшеді.

Берік Мыңжасар

Айдары: Дүрбі 10.11.2021 93

Қатысты мазмұн