Министрлік бәсекелестікті шектеген

none

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігінің әрекетінен бәсекелестікті шектеу белгілерін анықтады.

"Құс фабрикаларынан түскен өтінішті тексеру қортындысы бойынша мемлекеттік органның бәсекелестікке қарсы әрекеттері бойынша ауыл шаруашылығы министрлігіне (АШМ) қатысты тергеу басталды. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері министрліктің тауық жұмыртқасын өндірушілерге субсидия бөлу кезіндегі әрекетінде байқалған. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті баға беріледі", - деді ведомство өкілі.

Агенттікке келіп түскен өтініш негізінде министрліктің жануарларға сәйкестендіру нөмірлерін тағу бойынша ережелерге талдау жүргізілген.

"Бұл ережелер іс жүзінде жеткізушілердің мемлекеттік сатып алу рұқсатын жоққа шығарады. Өйткені оларда ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру құралдары Халықаралық жануарлар есебін жүргізу ұйымының интернет-ресурсында ұсынылған өндірушілермен жасалады делінген (ICAR). Қазақстандық нарықта өнімі ICAR интернет-ресурсында көрсетілмеген малға арналған құлақша белгілерін шығаратын өндірушілер де бар", - деп толықтырды агенттік өкілі.

Анықталған деректер негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы хабарлама енгізілді. Хабарлама заңнамада белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда тергеу басталады.

Tengrinews.kz

Айдары: Найзағай 15.06.2021 35

Қатысты мазмұн