Маңғыстауда екі күн қатарынан құмды дауыл басылмай тұр

none

Бүгін, 6 сәуірде Маңғыстау облысында қатты жел мен құмды дауыл тұрды. Жүргізушілер қолайсыз ауа райын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жатыр, - деп хабарлайды Lada.kz.

Жүргізушілердің айтуынша, құмды дауыл салдарынан тасжолды көру мүмкін емес. Алайда полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі барлық тасжол көлік қозғалысы үшін ашық.

)ұмды дауыл Маңғыстауда екі күн бойы соғып тұр. Бұған дейін сәуірдің ортасында соққан. Ол кезде ауа райының қолайсыздығынан Қазақстан, Ресей және Өзбекстан шекарасында 350-ден аса жүк көлігі тұрып қалды. Ал Маңғыстаудағы "Тәжен" өткізу бекетінде 150 жүк көлігінен ұзын-сонар кептеліс пайда болды.

Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері 6-8 сәуірде Қазақстанның кей өңірінде күн жылынатынын мәлімдеген еді.

Айдары: Найзағай 06.04.2021 40

Қатысты мазмұн