Күнкөріс: азық-түлікке 19 мың теңге жете ме?

none

2021 жылы қаңтарда қазақстандықтардың ең төмен күнкөріс деңгейі 33,9 мың теңге болды. Оның ішінде 19 мың теңгедей азық-түлікке есептелген, - деп хабарлайдыRanking.kz аналитикалық порталы.

Мәліметке сүйенсек, қаңтарда ең төменгі күнкөріс деңгейі 33,9 мың теңге. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 12,7 пайызға көп. Өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің бағасы 7,4 пайызға өсті.

"Ең төмен күнкөріс деңгейінің құрылымында азық-түлікке 18,6 мың теңге, басқа тауарлар мен қызметтерге 15,2 мың теңге кеткен", - деп хабарлайды сарапшылар.

Өңірлер бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғары көрсеткіші Маңғыстау облысына тиесілі: 38,9 мың теңге. Бұл орта есеппен республикалық деңгейден 14,7 пайызға артық.

Нұр-Сұлтанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 37,3 мың теңге (ел бойынша орта көрсеткіштен 10,1 пайызға артық), Алматыда - 36 мың теңге (ел бойынша орта көрсеткіштен 6,4 пайызға артық).

Жалпы бес өңірде ең төменгі күнкөріс деңгейі Қазақстан бойынша орта көрсеткіштен жоғары.

Ал ең төмен күнкөріс деңгейінің төмен көрсеткіші Ақтөбе облысында: 30,6 мың теңге - орта есеппен республикалық деңгейден 9,7 пайызға төмен.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің тағы бір аз көрсеткіші Батыс Қазақстан (30,8 мың теңге) және Жамбыл (31,3 мың теңге) облыстарына тиесілі.

Айдары: Найзағай 04.02.2021 18

Қатысты мазмұн