Коронавирустан тағы жеті адам қайтыс болды

none

Кеше, 22 қарашада Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 716 адам анықталды. Бір күнде 514 адам жазылды. Коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген науқастар арасында 7 адам өлді.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, жексенбі күні ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (188) тіркелген. Қазақстанның Ресеймен шекаралас облыстарында: Павлодар (98), СҚО (96), Қостанай облыстарында (77) да науқастардың көбейгені байқалады. Ақмола облысында – 61, Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысында әрқайсында 42 адамнан коронавирус табылған.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 126 182 адамға жетті: 113 мыңға жуығы жазылған, 1983-і қайтыс болған.

Қазақстанның коронавирус статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 41 159 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 427 адам қайтыс болған, 30 мыңнан астамы жазылған.

Айдары: Найзағай 23.11.2020 12

Қатысты мазмұн