Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 1380 адамға жетті

none

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны 1380 адамға жетті, - деп хабарлады ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Мемлекеттік комитеті.

Комитеттің мәліметінше, бүгінде 6 723 адам ауруханадан шығарылды.

"Қазіргі уақытта 178 мыңға жуық адам бақылауда. Бір тәулікте 5 090 адам вирустың жаңа түрін жұқтырған, 1 081 адам ауруханадан шығарылды, 121 адам қайтыс болды. Жағдайы ауырлаған науқастардың саны бір тәулікте 2 174 адамға жетті", - делінген комитеттің хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында әлем халқының 60 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін екені хабарланған еді. Мұндай мәлімдемені Гонконгтың бас эпидемиологы, профессор Габриэль Люн жасаған болатын.

Айдары: Найзағай 14.02.2020 12

Қатысты мазмұн