Коронавирус: Қазақстанда науқастар саны жүзге жуықтады

none

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 26 наурыз түсте Нұр-Сұлтанда тағы тоғыз адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.

Науқастар саны жылдам артып барады. Бейсенбі күні таңертең қатарынан жеті адамға вирус жұққаны белгілі болған еді.

Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 97 адамға жетті. Алматыда - 34 адам, Нұр-Сұлтанда - 55 адам, Қарағандыда - екі адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.

25 наурызда Қазақстан үкіметі екі адам дертінен айыққанын хабарлаған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, қазір әлемде 470 мыңнан астам адам вирус жұқтырды. 21 мыңнан астам адам қаза болды. 114 мыңнан астам адам дертінен айықты.

Айдары: Найзағай 26.03.2020 9

Қатысты мазмұн