Коронавирус: бір күнде 18 адам қайтыс болды

none

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус тесті оң шыққан 1873 адам тіркелген. Тағы 93 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясы мен адам өлімі бойынша екі күн бұрынғы (30 наурыз) мәліметті жариялап келеді. Сейсенбі күні 18 адам өлімі тіркелген. Төртеуі коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Нұр-Сұлтанда науқастар (512) күрт артқан. Алматыда бір күнде 515 науқас тіркелді. Алматы облысында 220 науқас анықталған. Батыс Қазақстан облысында – 98, Қарағанды облысында – 95, Ақтөбе облысында – 86, Атырау облысында – 75, Шымкент қаласында – 51, Ақмола облысында – 48, Қостанай облысында – 37, Шығыс Қазақстан облысында – 34, Жамбыл облысында – 26, Маңғыстау облысында – 19, Павлодар облысында – 17, Солтүстік Қазақстан облысында – 17, Қызылорда облысында – 15, Түркістан облысында 7 науқас тіркелген.

2020 жылдың наурыз айынан бері 246 854 адамның коронавирус тест оң шыққан. Содан бері 3 060 адам қайтыс болған. Бұған қоса, 692 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. 1 тамыздан бері 50 618 адамға коронавирус пневмония диагнозы қойылған.

Қазір 25 156 адам коронавирустан емделіп жатыр. 23,4 мыңының коронавирус тесті оң шыққан. 83 адамның жағдайы өте ауыр. 52 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Айдары: Найзағай 01.04.2021 73

Қатысты мазмұн