Коронавирус жұқтырғандар 759 адамға жетті

none

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 9 сәуір таңертеңгі сағат 10.00-де 32 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Ақмола облысында - 13, Алматы қаласында - 1, Қызылорда облысында - 7, Батыс Қазақстан облысында - 2, Атырау облысында - 3, Қарағанды облысында - 2, Шымкент қаласында - 4 адамға вирус жұққаны анықталған.

Жалпы елде коронавирус жұқтырғандар 759 адамға жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы – 223
Алматы қаласы – 120
Қызылорда облысы – 92
Қарағанды облысы – 57
Жамбыл облысы – 45
Ақмола облысы – 56
Түркістан облысы – 34
Атырау облысы – 39
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Шымкент қаласы – 27
Ақтөбе облысы – 11
Алматы облысы – 10
Шығыс Қазақстан облысы – 6
Маңғыстау облысы – 6
Қостанай облысы – 3
Батыс Қазақстан облысы – 4
Павлодар облысы – 1

Қазақстанда коронавирустан 54 адам жазылған (Нұр-Сұлтанда - 29, Алматыда - 23, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1). Жеті адам қайтыс болған. 8 сәуірде Ақмола облысында 1929 жылы туған әйел көз жұмды. Дәрігерлер көз жұмғаннан кейін науқаста коронавирус барын анықтаған.

Айдары: Найзағай 09.04.2020 13

Қатысты мазмұн