Коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

none

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы жеті адам тіркелді. Олардың екеуі Алматыда, бесеуі Нұр-Сұлтанда.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 79 науқас тіркелді.

24 наурыз түнде Қазақстанда коронавирус жұққан тағы төрт азамат анықталған еді.

Сoronavirus2020.kz сайтының жазуынша, олардың бірі, 1996 жылғы Шымкент тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Шымкенттегі инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Жағдайы тұрақты.

"Науқаспен байланыста болған адамдардың бәрі анықталды. Қазір оқшауланып жатыр. Коронавирус инфекциясы таралмауы үшін Шымкентте шұғыл штаб мүшелері барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолданып жатыр" делінген сайтта.

Вирус жұққан 1938 жылғы екінші азамат қазір Нұр-Сұлтандағы стационарда жатыр.

Үшінші науқас - 1979 жылғы азамат Жамбыл облысына Қырғызстаннан келген. Стационарға жатқызылған.

Төртінші науқас - 1993 жылғы Ресей азаматы Солтүстік Қазақстан облысына келген. Қазір стационарда жатыр.

Айдары: Найзағай 25.03.2020 22

Қатысты мазмұн