Коронавирус пен пневмониядан тағы 17 адам қайтыс болады

none

Қазақстанда бір тәулікте 17 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайдыДенсаулық сақтау министрлігі.

28 наурыздағы мәлімет бойынша, короновирус инфекциясын жұқтырған 23 310 адам (21 007 КВИ+ және 2 303 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 7 811 науқас стационарда, 15 499 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдады.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

348 адамның жағдайы ауыр;

81 науқастың жағдайы өте ауыр;

52 адам ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айдары: Найзағай 28.03.2021 46

Қатысты мазмұн