Коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды

none

Қазақстанда тағы 1492 адамның коронавирус тесті оң шықты. 22 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 29 наурыз күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Бір күнде 22 адам өлімі тіркелген: 20 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. (Министрлік адам өлімі мен коронавирус пневмониясы көрсеткішін жариялаған кезде екі күн бұрынғы мәліметті айтады, нақты жағдайда - 27 наурыз күнгі мәлімет).

28 наурызда ең көп науқас Алматы қаласында тіркелген. Жалпы аймақтағы ахуал төмендегідей:

Алматы қаласында - 33012 (+415 науқас жаңадан қосылды)

Нұр-Сұлтан қаласында – 30034 (+346)

Шығыс Қазақстан облысында - 22800 (+38)

Павлодар облысында - 19060 (+46)

Атырау облысында - 18514 (+75)

Қарағанды облысында - 17471 (+88)

Ақмола облысында – 15239 (+52)

Батыс Қазақстан облысында – 14876 (+94)

Қостанай облысында - 13709 (+39)

Солтүстік Қазақстан облысында - 13001 (+21)

Алматы облысында - 13110 (+120)

Шымкент қаласында -6745 (+45)

Жамбыл облысында – 6348 (+19)

Ақтөбе облысында - 5081 (+61)

Түркістан облысында – 4470 (+10)

Маңғыстау облысында - 4396 (+10)

Қызылорда облысында - 4007 (+13).

2020 жылдың наурыз айынан бері 241 873 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Басым бөлігі жазылған. Содан бері 3014 адам қайтыс болған.

Айдары: Найзағай 29.03.2021 73

Қатысты мазмұн