Қызылорда облысында автобус аударылып, кемінде 8 адам қаза тапты

none

3 желтоқсанда таңертеңгі сағат 5.30 шамасында Қызылорда облысында Қызылорда - Құмкөл автожолында автобус аударылды. Автобуста 35 жолаушы болған, жол апатынан кемінде 8 адам қаза тапты, 28 адам зардап шекті деп хабарлады төтенше жағдай комитеті. Автобустың аударылуына жолдың тайғақ болуы себеп болған.

Оқиға орнында құтқарушылар, дәрігерлер, полицейлер жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-тармағы "("Жол-көлік ережелерін бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еуропа одағы статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты көп болатын әлемдегі бес елдің қатарына енеді. Жол ережесін сақтамау және жол сапасы – көлік апаттарының негізгі себебі.​

21 қарашада Қызылорда қаласында екі көлік соғылып, бірнеше адам қаза тапқан.

Айдары: Найзағай 03.12.2019 8

Қатысты мазмұн