Қытайтанушы Сыроежкин "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша 10 жылға сотталды

none

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) "мемлекетке опасыздық жасады" деп айыпталған қытайтанушы ғалым Константин Сыроежкинге сот үкімі шыққанын растады.

"2019 жылы 7 қазанда Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сот Константин Львович Сыроежкинді "мемлекетке опасыздық жасау" (175-бап, 1-бөлім) бабы бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға соттады" делінген ҰҚК-нің 10 қазан кешке қарай таратқан хабарламасында.

Константин Сыроежкинді 2019 жылы ақпанда қамауға алынды.

Константин Сыроежкин - тарих ғылымдарының кандидаты және саяси ғылымдарының докторы. 1995-2000 жылдары Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары қызметін атқарды. 1997 жылы Kazakhstan ақпараттық-талдау орталығының "Қытай, Орталық, Оңтүстік-Шығыс Азия" бағдарламасын үйлестірген.

2003-2006 жылдары талдау орталығын басқарды және инвестициялардың тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің жетекші сарапшысы болды. 2006 жылдан бастап Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген.

Айдары: Түтін 10.10.2019 57

Қатысты мазмұн