Қытайдан келген төрт адам ауруханаға жатқызылды

none

Қытайдан келген төрт адам ЖРВИ күдігімен Қазақстанда ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

"Бүгінде ҚХР-дан біздің елге 25 858 адам келді, бұл Қазақстан және шет ел азаматтары. Барлық мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігіне және ары қарай Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті арқылы тұрғылықты мекен-жай бойынша тексеруден өтіп, азаматтармен байланысы анықталады. Дене қызуы көтерілген 23 адам келген, оның ішінде 4-еуі ЖРВИ күдігімен ауруханаға жатқызылды. Вирусты жұқпалы аурулардың аса бір айырмашылығының болмауына байланысты, біз ЖРВИ күдігімен жатқызамыз", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Біртанов ауруханаға жатқызылғандардан қажетті қан сараптамалары алынғаны айтты. "Үш тәулік ішінде нақты диагностика шығады. Қажетті терапия басталды", - деді ведомство басшысы.

Бұғандейін қазақстандық 2003 жылғы қыз бала Қытайдан оралғаннан кейін Нұр-Сұлтан ауруханасына дене қызуы көтерілуіне байланысты жатқызылғаны айтылған.

"Бүгін Бейжіңнен ұшақ қонды. 2003 жылғы қыз бала ауруханаға жатқызылды. Бүгін таңертең болған жағдай, балалар жұқпалы ауру ауруханасына жатқызылды. Клиникалық белгілері жоқ. Қыз баланы толық тексеру үшін, біз тұмау белгілеріне тексереміз. Оның дене қызуы 37,4 болды, тамағы жыбырлауы анықталған. Бәлкім жай ғана ЖРВИ болуы мүмкін", - деді елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Қыз баланың тек Бейжіңде болғаны айтылады, ол қала аумағынан шықпаған. Қыз маусымдық және маусымдық емес ауруларға тексеріліп жатыр. Күн батқанша нәтижесі анықталады деп жоспарланған. Басқарма басшысының орынбасары елордада жедел штаб пен жұмыс тобы құрылғанын айтты.

"Біз науқастар мен олармен байланыста болған адамдар жатуға арналған қосымша төсектер әзірледік. Барлық емханаларда қосымша сүзгі-кабинеттер ашылды, онда науқастар дереу сол жерге жүгіне алады. Елордада дәрі-дәрмек, қорғану және дезинфекциялау құралдары жеткілікті", - деді Әлия Рүстемова.

Басқарма қызметкерлері бір ай бойы Қытайдан келген адамдарға қоңырау шалып, жағдайларын біліп отыратын болады. Егер жұқпалы аурудың белгілері анықталса - жөтел, дене қызуы көтерілсе дәрігер сол жерге барады. Елорда емханалары 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс режиміне ауысты, демалыссыз жұмыс істейді.

Астана қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сархат Бейсенова қазір қауіп төнген жағдайда әуежайда және вокзалдарда санитарлық-карантиндік бақылау пункттері мен стационарлық тепловизорлар орнатылғанын айтты.

Айдары: Найзағай 28.01.2020 38

Қатысты мазмұн